LRT пойыздарының техникалық жылдамдығы сағатына 65-70 шақырымға дейін жетеді. Дегенмен аялдамалар арасындағы орташа арақашықтық шамамен 700 метр болғандықтан, олардың нақты орташа қозғалыс жылдамдығы 30-35 км/сағ шамасында болады. Арнайы бөлінген жол пойыздардың қауіпсіз әрі тұрақты қатынауын қамтамасыз етеді. дейді Qandastar.kz.
LRT-нің алғашқы желісін 2027 жылдың соңына қарай іске қосу жоспарланып отыр. Алайда бұл мерзім қажетті жылжымалы құрамды дайындау және жеткізу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін.