Әлемдік футбол жұлдызы Луиш Нани Ақтөбеде көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.
Танымал португалиялық футболшы, «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы ойыншысы Луиш Нани Қазақстанға сапары барысында қайырымдылық акциясына қатысып, жергілікті көпбалалы отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстады.
Шара Ақтөбедегі стадионда өтті. Атақты футболшы жас жанкүйермен жүздесіп, оған өз қолтаңбасы қойылған футболканы сыйға тартты және бірге доп теуіп шеберлік көрсетті. Осыдан кейін Луиш Нани «Харекет» қайырымдылық қорының қолдауымен Нұржігіт Алимкуловтың отбасына 1770-баспананың сертификатын салтанатты түрде тапсырды.
Ойыншы өз сөзінде бұл сәттің өзі үшін өте маңызды екенін атап өтті:
«Мен балалық шағымда өте кедей болдым, отбасымызда бала көп еді және бәріміз кішкентай үйде тұрдық. Жаңа үйге қол жеткізгендегі сезімнің қандай екенін жақсы білемін. Сондықтан адамдарға көмектесіп, олардың өмірін жақсартуға үлес қоса алғаныма өте қуаныштымын».
[video width="576" height="1024" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/09/402f1251caae7e0347ef86edbcd7cb68.mp4"][/video]
Оқиғадан кейін футболшы қонақжай отбасының жаңа пәтеріне барып, қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша жайылған дастарқаннан дәм татты. Оған дәстүрлі бас тартылып, иығына арнайы тігілген қазақы шапан жабылды. Өз кезегінде қуаныш иелері мен қайырымдылық қорының өкілдері әлемдік жұлдызға шексіз алғыстарын білдірді.