Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Осыған байланысты ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.
Арман Қырықбаев 2025 жылдың ақпанынан бері Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келген. Бұған дейін Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімін басқарған.
Қырықбаевтың мемлекеттік қызметте, мәдениет және ақпарат саласында мол тәжірибесі бар. Ол бұған дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.