Өнер қырандары театрының актері Мадияр Серікбаев пен жары Дана әлеуметтік желіге әзіл-оспақ форматындағы бейнежазба жариялады. Видеода актердің биік шыны көпірден өту кезіндегі әрекеті көрсетілген. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Бейнежазбада Мадияр Серікбаев шыны көпірдің үстімен жүруге жүрексініп, қоршауға жармасып, әрең қозғалады. Ал жары Дана оның қолынан ұстап, демеп, көңілді сәттерге себеп болған.
Кадрларда биік таулар мен шыны көпірдің көрінісі де байқалады. Ерлі-зайыптылардың әзілге құрылған контенті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.