Мазмұнға өту
qandastar.

МАГАТЭ Қазақстанның АЭС дамыту бастамасына қолдау білдірді

Малика Хамит · · 129 қаралым
МАГАТЭ Қазақстанның АЭС дамыту бастамасына қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау бағытындағы жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды

порталы.

Кездесу барысында агенттік жетекшісі Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік саласындағы белсенді ұстанымын атап өтіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ядролық қауіпсіздікті нығайту, диалог орнату және көпжақты ынтымақтастықты дамыту жолындағы рөліне тоқталды.

Рафаэль Гросси елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде атом энергетикасын дамыту бағдарламасының іске аса бастағанын құттықтады.

Президент Қазақстанның ядролық қауіпсіздік пен мемлекетаралық сенімді күшейтуге бағытталған халықаралық бастамаларды алдағы уақытта да қолдай беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуге Қазақстанның үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық күш-жігерге алдағы уақытта да белсенді қатыса береді
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Рафаэль Гросси Қазақстанның бұл бағыттағы маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің саяси беделі, ғылыми-техникалық әлеуеті мен инфрақұрылымы ықтимал халықаралық келісімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласында маңызды рөл атқарып отыр
деді Рафаэль Гросси.

Кездесу соңында Президент МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гроссиге БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткер ретінде сәттілік тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp