Мазмұнға өту
qandastar.

Мақпал Жүнісова мен Мирас Жанайдың күтпеген дуэті көрерменді тәнті етті

Бақытжан Мұса · · 31 қаралым
Мақпал Жүнісова мен Мирас Жанайдың күтпеген дуэті көрерменді тәнті етті

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жас әнші Мирас Жанаймен бірге сахнаға шығып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қос өнерпаздың ырғақты әнді бірге орындап, сахнада еркін қимылдап, көңілді атмосфера қалыптастырғаны көрінеді. Тәжірибелі әнші мен жас орындаушының бірлескен өнері көрермендердің назарын аударды.

Бейнежазба желі қолданушылары арасында тарап, көпшілік Мақпал Жүнісованың жас әріптесімен бірге өнер көрсеткен сәтіне жылы пікірлер білдіруде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp