Мазмұнға өту
qandastar.

Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді

Бақытжан Мұса · · 731 қаралым
Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әріптесі Роза Рымбаеваның сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап берді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеп хабарлады.

Әнші Instagram-парақшасында видео жариялап, кейбір желі қолданушыларының Роза Рымбаеваның сөзін өз концерттерімен байланыстырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, Роза Рымбаева бір сұхбатында кейбір әншілердің концерттеріне көрермендерді әкімдік арқылы мәжбүрлеп жинайтынын айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желіде “Мақпалдың концертіне халықты күштеп кіргізеді” деген пікірлер тараған.

Мақпал Жүнісова бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, ол ешқашан әкімдікке барып концерт ұйымдастырып беруді сұрамаған және оның кештеріне көрермендер өз еркімен келеді.

Сондай-ақ өнер иесі гастрольдік сапарларына бірге барып, жағдайды көзбен көруге болатынын айтып, жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Бұдан бөлек, Мақпал Жүнісова Роза Рымбаева мұндай мәлімдеме жасағанда нақты қай әншілерді меңзегенін ашық айтуы керек еді деген пікір білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сахнадан уақытында кеткен дұрыс екенін айтқан болатын. Әнші денсаулық сыр беріп, жас ұлғайған кезде сахнада жүру дұрыс емес деп есептейтінін жеткізіп, 50 жылдық шығармашылық кешінен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp