Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер саласының бірқатар өкілін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесуде мәлімдеді.
Президент сөзінде Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың ұлттық өнерге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол әншіге II дәрежелі «Барыс» ордені табысталатынын айтты.
Бүгін жезтаңдай әнші, халқымыз, әсіресе әйелдер қауымы жақсы көретін өнер иесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісоваға екінші дәрежелі «Барыс» орденін тапсырамын
Сонымен қатар Президент қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттап жүрген әнші әрі домбырашы Татьяна Бурмистроваға ең жоғары «Отан» ордені берілгенін хабарлады.
Ал Марина Ганцева III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Президент оның Қазақстан мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, кәсіби мереке қарсаңында бірнеше өнер қайраткеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы беріледі. Биыл жалпы 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болады.