Бүгін, 29 қарашада, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, дауыс берді. Өңір басшысы Ақтау қаласының 16-шағынауданында орналасқан №68 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау өңіріндегі барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушылардың еркін таңдау жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу үшін 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңір бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны 455 мыңнан асады.