Мазмұнға өту
qandastar.

Маңғыстауда 173 бекіре қырылып қалды: мамандар тексеруді жалғастырып жатыр

Малика Хамит 12 қаралым
Маңғыстауда 173 бекіре қырылып қалды: мамандар тексеруді жалғастырып жатыр

Балықтардың жағаға шығуына оңтүстіктен соққан қатты жел себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы Қонарбай Базарбаев мәлімдеді.

Қазір Каспий жағалауында мониторинг жалғасып жатыр. 12 адамнан тұратын топ Түрікменстан шекарасындағы Сүйе мүйісінен Ақтау қаласына дейінгі аумақты күн сайын тексеруде. Әзірге басқа балық өлекселері анықталмаған.

Оқиға орнына экологтар, әкімдік пен полиция өкілдері шақырылған. Экологтар теңіз суынан сынама алған. Ал табылған балық өлекселері арнайы орынға көміліп, жағалау тазартылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp