Маңғыстау облысында үш адам мінген үрлемелі қайық қатты желдің әсерінен ашық теңізге ағып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оларды құтқарушылар іздеп, аман-есен жағалауға жеткізді.
Оқиға Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында болған. Түнде желдің күшеюінен қайық жағалаудан алыстап, теңізге қарай ағып кеткен.
Үш адамның жоғалғаны туралы ақпарат түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары дереу іздеу жұмыстарын бастаған.
Нәтижесінде мамандар қайықтағы адамдарды тауып, барлығын жағаға жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарға ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген кезде суға шықпауға және Каспий жағалауында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.