Мазмұнға өту
qandastar.

Маңғыстауда 12 әскери қызметші қаза тапты: Бозымбаев екі адамды іздеуді тапсырды

Малика Хамит · · 51 қаралым
Маңғыстауда 12 әскери қызметші қаза тапты: Бозымбаев екі адамды іздеуді тапсырды

Маңғыстауда жоғалған екі әскери қызметшіні тәулік бойы іздеу тапсырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға орнында Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Комиссия төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын үйлестіруде.

Қазіргі таңда негізгі міндет – орналасқан жері әлі анықталмаған екі әскери қызметшіні табу.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Қалған екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қанат Бозымбаев жоғалған әскери қызметшілерді іздеуге қажетті барлық күш пен құралды жұмылдырып, операцияны тәулік бойы үздіксіз жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және өзге де қажетті көмек көрсету міндеттелді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша уәкілетті органдар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оқиға орнындағы іздестіру-құтқару шаралары мен Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp