Маңғыстау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қаржылық заңбұзушылық белгілері анықталды, деп жазады
порталы.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, «ИБН СИНА» және «SOFIE MED GROUP» медициналық орталықтарының жауапты тұлғалары көрсетілген медициналық қызметтерді рәсімдеу барысында жалған деректер пайдаланған деген күдікке ілінді.
Тергеу материалдарына сәйкес, «варикоцеле» диагнозымен емделген ер азаматтарға қатысты құжаттарда әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның қызмет коды көрсетілген.
Варикоцеле" диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның қызмет коды көрсетілген. Бұл операция "кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы" деп аталады
Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға қымбат медициналық қызметтер негізсіз рәсімделіп, көрсетілген қызметтердің құны бірнеше есе арттырылған. Сонымен қатар, 19 азамат аталған медициналық ұйымдарға мүлде жүгінбегенін айтқан.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 221 миллион теңгеден асқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.