Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тергеу барысында оқиға болған жерге қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған. Сонымен қатар қажетті құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 сараптама тағайындалды.
Тергеу органдарының мәліметінше, қызметке салғырт қарады деген күдікке ілінген бірқатар лауазымды тұлға анықталған. Олар метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеді және қажетті шараларды қабылдамаған.
Сондай-ақ тергеу барысында құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған жауапты тұлғалар да анықталған. Тергеудің нұсқасы бойынша, осы әрекеттердің салдарынан адамдардың қаза болған.
Қазір күдіктілердің әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде оларға қатысты тиісті процестік шешімдер қабылданады.
Тергеу жалғасуда.