Фото: Айкын.кз
Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілері жаппай уланды, деп жазад
ы
Lаdа.кz басылымының мәліметінше, 100 бүлдіршіннің кейбіреуі ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемеге 37 өтініш келіп түскен.
«31.01.2025 ж. сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне іштің ауруына шағымданған тұрғындардан шақыру түсті. Барлығын жедел жәрдем бригадасымен қарап, тексерді. Тексерілген 37 адамның төртеуі (1 ересек, 3 бала) ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», – деп хабарлады.
Қазіргі уақытта балабақша жабылып, құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Маңғыстау өңірінде бұған дейін де осыған ұқсас факті болған. Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте асхана тамағынан 460 оқушы уланған еді. Былтыр қыркүйек айында Маңғыстау облысында 140-тан астам бала уланып, екеуі жансақтау бөліміне түскені еді.