Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге әскери борышын атқару кезіндегі ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар берілді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.
Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;
- Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);
- Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
- Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
- Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);
- Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);
- Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).
Мемлекеттік наградалар әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығына берілген құрмет ретінде табысталды.