Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссияға тапсырма берді. Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті шараларды қабылдау жүктелді. Сонымен қатар қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілуі тиіс.
Бұған дейін Ақтау гарнизоны аумағында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылғаны хабарланған болатын.