Мазмұнға өту
qandastar.

Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

bahitzhanabzal · · 91 қаралым
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Qandastar.kz

.

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

"Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.

Маңғыстау аудандық сотының 09.07.2025 жылғы үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды
делінген хабарламада.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp