Маңғыстау облысында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде экологиялық заңнаманы бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы облыстық табиғат қорғау прокуратурасы хабарлады.
Тексеру барысында «Buzachi Operating Ltd» компаниясы филиалының қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін едәуір арттырғаны белгілі болды.
Атап айтқанда, бұрғылау қалдықтарының көлемі рұқсат етілген мөлшерден 513,2 тоннаға артық болған.
Прокуратура актісі негізінде компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде кәсіпорынға 474 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.