Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға 9 шілде күні болған.
Полиция дерегінше, аталған факті бойынша бірден бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл факт бойынша кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, сондай-ақ суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды
Жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысы бар адамдар анықталып, қолға түскен.
Жедел-іздестіру нәтижесінде жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құрбан болғандар жоқ
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.