Мазмұнға өту
qandastar.

Маңғыстауда тағы бір әскери қызметші қаза тапты деген ақпарат жалған болып шықты

Малика Хамит · · 42 қаралым
Маңғыстауда тағы бір әскери қызметші қаза тапты деген ақпарат жалған болып шықты

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алайда бұл мәлімет расталмады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарламаның шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Орталықтың мәліметінше, ІІМ, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растаған жоқ.

Осылайша, әлеуметтік желіде тараған әскери қызметші қаза тапты деген хабар жалған болып шықты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp