Мазмұнға өту
qandastar.

Маңғыстауда теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

Малика Хамит · · 78 қаралым
Маңғыстауда теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

Маңғыстауда теміржол қызметкері жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды

порталы.

Маңғыстау облысында теміржол қызметкерінің жұмыс орнында қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға 5 шілде күні Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған.

Аталған дерек бойынша Маңғыстау станциясындағы көліктегі желілік полиция бөлімі тергеу жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қызметкердің өліміне созылмалы жүрек ауруы себеп болуы мүмкін. Қазір нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, разъезд бастығы 1983 жылы туған кезекші қызметкерді жұмыс орнынан тіршілік белгілерінсіз тауып, дереу жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын растады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp