Мазмұнға өту
qandastar.

Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Малика Хамит
Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық өзгеріс болды. Марат Ирменов ведомствоның жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұған дейін ол 2025 жылдың 25 қазанынан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Марат Ирменов – ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. Оның қауіпсіздік органдарындағы еңбек өтілі 1996 жылдан басталады.

Оның білімі мен еңбек жолына қатысты деректер:

1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын;

1996 жылы ҰҚК институтын;

2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.

1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде жұмыс істеген.

2000–2025 жылдары басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2019 жылы оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp