Мазмұнға өту
qandastar.

Марко Рубио Қазақстанға сапармен келуі мүмкін

Малика Хамит 27 қаралым
Марко Рубио Қазақстанға сапармен келуі мүмкін

Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қазақстанға алдағы уақытта ресми сапармен келуге мүдделі екенін растады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Марко Рубио екіжақты кездесуде кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар сауда көлемін арттыруға, америкалық инвестиция тартуға және бірлескен жобаларды іске асыруға басымдық берді.

Кездесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері де сөз болды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың 2025 жылғы қарашада өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударды.

Бұдан бөлек, Мұхтар Тілеуберді мен Марко Рубио Майамиде өтетін G20 саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы саммиттен кейін Қазақстанға толық форматтағы сапармен келуге мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту және нақты нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі ортақ ұстаным расталды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp