Мазмұнға өту
qandastar.

Марокко құрамасы Канаданы сенімді жеңіп, ширек финалға өтті

Бақытжан Мұса · · 21 қаралым
Марокко құрамасы Канаданы сенімді жеңіп, ширек финалға өтті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Марокко құрамасы Канаданы ірі есеппен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы "Эн-Ар-Джи" стадионында өткен кездесуде марокколықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Команданың жартылай қорғаушысы Аззедин Унаи матч барысында дубль жасап, 50 және 82-минуттарда мергендік танытты. Ал ойынның қосымша уақытында, 90+8-минутта шабуылшы Суфьян Рахими есепті ірілендірді.

Марокко құрамасының турнирдегі үздік сұрмергені Исмаэль Сайбари жарақат алып, 22-минутта оның орнына алаңға Суфьян Рахими шықты.

Сондай-ақ Браһим Диас бұл әлем чемпионатында төртінші нәтижелі пасын беріп, африкалық футболшылар арасындағы жаңа рекорд орнатты. Нәтижелі пастар саны бойынша ол бразилиялық Бруно Гимарайнспен екінші орынды бөлісіп тұр. Ал көш басында бес ассистпен Франция құрамасының ойыншысы Майкл Олисе келеді.

Марокко енді ширек финалда Франция мен Парагвай арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. Еске салсақ, 2022 жылғы әлем чемпионатында Марокко құрамасы төртінші орын алып, Африка футболы тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізген болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp