Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасы Франциядан 2:0 есебімен жеңілгеннен кейін Лондонда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Qandastar.kz хабарлады.
Басылымның мәліметінше, матчтан кейінгі толқулар Францияда болады деп күтілгенімен, оқиға Ұлыбритания астанасында тіркелген. Марокко құрамасының жанкүйерлері Лондондағы Эджуэр-роуд ауданында көшеге шығып, полиция қызметкерлерімен қақтығысқа түскен.
Тәртіпсіздік кезінде шабуылға ұшыраған Лондон полициясының бір қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.
Сонымен қатар Франция билігі де ықтимал тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын күшейткен. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 20 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылса, оның 8 мыңы Парижде кезекшілік атқарған.
Еске салайық, Франция құрамасы ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған болатын.