Абай облысында полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға 7 маусымға қараған түні Семей қаласында болған. Жеке тұрғын үй тұрғындары полицияға бұрынғы күйеу баласының итке оқ атып, жануарды өлтіргені туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мас күйде болған күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Тексеру барысында атыс жасалған тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, көлігі айып тұрағына қойылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ер адам алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны және азаматтық қаруды сақтау, алып жүру мен пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция оның қаруды сақтау және алып жүру құқығын беретін рұқсатнаманы жою туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Жиналған материалдар соттың қарауына жолданды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау жұмыстары жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында құқық бұзушы дер кезінде ұсталып, ықтимал ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Облысының Полиция Департаменті (@abai_department_police)