Мазмұнға өту
qandastar.

Мәскеуде ҰҚШҰ басшылары бас қосты: Тоқаев қандай мәселелерге назар аударды?

Малика Хамит
Мәскеуде ҰҚШҰ басшылары бас қосты: Тоқаев қандай мәселелерге назар аударды?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Саммитке Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

Кездесуде мемлекет басшылары ұйымның биылғы жұмысының қорытындысын шығарып, алдағы кезеңдегі басым міндеттерді талқылады. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақорда мәліметінше, саммит ұйым аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және қауіпсіздік саласындағы ортақ міндеттерді айқындауға арналды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp