Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздіктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында медицина мамандарының құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, кәсіби мәртебесі мен денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Іс-шара «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасы аясында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Құрылтай депутаттарымен қатар Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, вице-министрлер, мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты.
Талқылау барысында медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, олардың кәсіби беделін арттыру және денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттық бастаманы қолдайтындарын білдірді. Қатысушылар заң жобасының негізгі ережелері мен оны практикалық тұрғыда іске асыру тетіктерін талқылады.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар жинақталып, заң жобасын одан әрі жетілдіру барысында ескерілетін болады.