Мазмұнға өту
qandastar.

Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғайтын заң жобасы әзірленіп жатыр

Бақытжан Мұса 12 қаралым
Құрылтай
Құрылтай

Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасы әзірленуде, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі және қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Жиында құжатты әзірлеудің негізгі бағыттары айқындалып, медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Заң жобасының негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту, медициналық көмектің сапасын арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін нығайту, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттердің мүддесі үшін сапалы медициналық көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Жұмыс тобының отырысына қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері заң жобасының тұжырымдамасына оң қорытынды берді.

Келесі отырыс келіп түскен ұсыныстарды пысықтағаннан кейін өтеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp