Фото: видеодан скриншот
Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Бұл қуанышымен ол өзінің әлеуметтік парақшасында бір айдан бері парақшада көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.
- “Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі - ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін, - деп жазды ол.
Араға 9 жыл салып көрген қуанышын оқырмандарымен бөліскенді дұрыс санаған ол сәбиін қауышатын сәтін асыға күтіп жүргенін мәлімдеді.
- Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын - деді ол.
Әлеуметтік парақшадағы оқырмандары жылы лебіздерін жеткізуде.