Мазмұнға өту
qandastar.

Мексикада тарихи сәт: 2026 жылғы әлем чемпионаты ресми түрде ашылды

Малика Хамит · · 56 қаралым
Мексикада тарихи сәт: 2026 жылғы әлем чемпионаты ресми түрде ашылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты ресми түрде басталды.

Төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода Мехикодағы аты аңызға айналған «Ацтека» стадионында өткен салтанатты шарамен ашылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ашылу рәсімінің басты идеясы Мексиканың ұлттық мәдениетін танытуға арналды. Ұйымдастырушылар әйгілі мексикалық папье пикадо өнерін негізге алып, көрермендерге шоу ұсынды.

[embed]https://youtu.be/7ZzwlSuUs6M?si=DlJbX8Em-0aOSTb4[/embed]

Мыңдаған жанкүйер жиналған стадионда түрлі қойылымдар көрсетіліп, турнирді қабылдап отырған елдің дәстүрі мен тарихы таныстырылды.

Салтанатты шараның ең әсерлі сәттерінің бірі — әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі болды. Ашылу матчы қарсаңында әнші Шакира мен Burna Boy сахнаға шығып, әлем чемпионатының ресми әнұраны саналатын «Dai Dai» композициясын алғаш рет орындады.

[embed]https://youtu.be/CPARsaxhZVU?si=8bFLtZfaFGImtLt7[/embed]

Ашылу рәсімі бір күнмен шектелмейді. Оның жалғасы 12 маусымда Канаданың Торонтосындағы BMO Field стадионында, ал үшінші бөлімі 13 маусымда АҚШ-тағы SoFi Stadium аренасында өтеді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада аумағында ұйымдастырылып жатыр. Биылғы турнирге рекордтық 48 құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінді.

Жарыс барысында барлығы 104 матч өтеді. Топтық кезең 11-27 маусым аралығында жалғасады. Әр топтан үздік командалар плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бұл — тарихтағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp