Мазмұнға өту
qandastar.

Мектеп бағдарламасына жасанды интеллект ресми енгізілді

Малика Хамит · · 15 қаралым
Мектеп бағдарламасына жасанды интеллект ресми енгізілді

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні оқыту жаңа деңгейге көтерілмек, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Енді бұл технология тек қосымша тақырып емес, оқу бағдарламасының толыққанды бөлігіне айналады.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыштағы «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11-сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» деп өзгертілді.

Жаңартылған бағдарламада пән атауы ғана ауыспайды. Оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты жаңа бөлімдер енгізіліп, барлығы 43 жаңа оқу мақсаты қосылды.

Бастауыш сынып оқушылары жасанды интеллектпен қарапайым мысалдар арқылы танысып, цифрлық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғауды меңгереді. Орта буын оқушылары ЖИ құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс сұраныс құру, нәтижені сыни бағалау, киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаларын үйренеді. Ал жоғары сыныптарда машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері оқытылады.

Жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында сынақтан сәтті өтіп, оң сараптамалық қорытынды алған. Қазір оларды ресми бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар мұғалімдерге білім беру процесінде жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі тиімді қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар да әзірленуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp