Мазмұнға өту
qandastar.

Мектеп басшылығының мұғалімдердің алдындағы қарызы 40 млн-ға жеткен

bahitzhanabzal · · 193 қаралым
Мектеп басшылығының мұғалімдердің алдындағы қарызы 40 млн-ға жеткен

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жеке меншік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, деп жазды qandastar.kz

Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды.

Түскен қаражат мұғалімдерге төленді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp