Мазмұнға өту
qandastar.

Мектеп бітіру кештеріне қойылған шектеуді бұзғандарға ескерту жасалды

Малика Хамит · · 122 қаралым
Мектеп бітіру кештеріне қойылған шектеуді бұзғандарға ескерту жасалды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп бітіру кештеріне қойылған шектеулерді бұзғандарға заң аясында шара қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы министр Үкіметтегі брифинг барысында айтты.

Министрліктің талабына сәйкес, биыл мектеп түлектеріне аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының аумағында өткізілуі тиіс. Ал мейрамхана, кафе немесе басқа да ойын-сауық орындарында мектеп атынан бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынған.

Министрдің айтуынша, бұл талаптардың орындалуын жергілікті әкімдіктер мен ішкі істер органдары бірлесіп бақылайды.

Егер бұйрық талаптары бұзылған жағдайда жергілікті атқарушы органдар құзырлы органдармен бірлесіп шара қолдана алады. Бұйрық соған мүмкіндік береді
деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ министр қоғамдық тәртіп пен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болатынын атап өтті.

Қоғамдық тәртіп бұзылса немесе балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер болса, онда заңда қарастырылған барлық шара қабылданатын болады
деді министр.

Осылайша, құқық қорғау органдары мен әкімдіктер тек қолданыстағы заңнамада көрсетілген құқықбұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тарта алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp