Мазмұнға өту
qandastar.

Мектептерде ақша жинау қайта басталды ма – вице-министр жауабы

bahitzhanabzal · · 385 қаралым
Мектептерде ақша жинау қайта басталды ма – вице-министр жауабы
Фото: Kazinform АСТАНА. KAZINFORM  Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Мәжілістің жалпы отырысында мектептерде ата-аналар мен мұғалімдерден ақша жинап жатқаны туралы шағым көбейіп кеткенін айтты.
Бізге Оқу-ағарту министрлігіне қатысты Қазақстанның бәленбай мектебінде ата-аналардан, мұғалімдерден ақша жинап жатқаны туралы фактілер айтылып, бірнеше шағым түсті. Мұндай ақша жинау қай қаулыға, қай заңға негізделген?
деп сұрады депутат.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан депутат берген нақты фактілер құқық қорғау органдарына жолданғанын айтты.

Ешқандай заңда, ешқандай қаулыда мектептерде ақша жинау мәселесі қарастырылмаған. Бұл – заңсыздық. Сіздің бұдан бұрын көтерген мәселелеріңіз бойынша әр фактіні жұмыс тәртібінде сізден алдық, тиісті заң орындарына жолдаймыз. Өз тарапымыздан да осындай жайттар мәлім болса, бірден құзыретті органдарға жолдап отырамыз
деді Еділ Оспан.
Бөлісу: Telegram WhatsApp