Мазмұнға өту
qandastar.

Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланованы қабылдады

qandastar · · 220 қаралым
Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланованы қабылдады

 

Гүлнар Нұрланова Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметі мен жетістіктері және жүзеге асырылып жатқан жобалары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Орталық еліміздегі туа біткен жүрек аурулары бар науқастарды бақылаудың толық циклі жүргізілетін жалғыз мекеме екенін жеткізді. Мұнда жыл сайын 200 кардиохирургиялық ота жасалады. Перзентханада дүниеге келетін нәрестелер саны 9000-ға, оның ішінде мерзімінен бұрын туғандар шамамен 3700-ге жетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гүлнар Нұрлановаға және барлық дәрігерлердің игілікті жұмысына табыс тіледі.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp