Мазмұнға өту
qandastar.

Мемлекет басшысы ЖЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға барды

qandastar · · 1 052 қаралым
Мемлекет басшысы ЖЕЭК отырысына қатысу үшін Ереванға барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Арменияға келді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Ереван қаласына (Армения Республикасы) келді.

Мемлекет басшылары жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр», - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Дереккөз: https://24.kz/

Бөлісу: Telegram WhatsApp