Мазмұнға өту
qandastar.

Мемлекет шағын және орта бизнесті ұсақ қарыздар үшін қыспаққа алмайды

bahitzhanabzal · · 183 қаралым
Мемлекет шағын және орта бизнесті ұсақ қарыздар үшін қыспаққа алмайды

Бұрын салық берешегі 26 мың теңгеден асса, кәсіпкерлерге бірден қатаң шаралар қолданылатын. Енді  шек көтерілді. Бұл туралы  Qandastar.kz ақпарат порталы Atamekenbusiness_qaz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады. 

Егер қарыз 87 мың теңгеге (20 АЕК-ке) жетсе тек ескерту жіберіліп, өсімпұл есептеледі. Есепшот бұғатталмайды, бизнеске кедергі болмайды.

Егер қарыз 87 мыңнан 195 мың теңгеге (45 АЕК-ке) дейін болса, алдымен ескерту беріледі, төленбесе ғана есепшоттағы шығыс операциялары уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Ал қарыз 195 мың теңгеден (45 АЕК-тен) асып кетсе, мемлекет қатаң шараларға көшуі мүмкін, мүлікке тыйым салу сияқты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp