Мазмұнға өту
qandastar.

Мемлекеттік кеңесші болған Ерлан Қарин жаңа қызметке кірісті

Малика Хамит · · 614 қаралым
Мемлекеттік кеңесші болған Ерлан Қарин жаңа қызметке кірісті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлыққа сәйкес, Ерлан Қарин бұған дейін атқарған мемлекеттік кеңесші қызметінен босатылған.

Ерлан Қарин мемлекеттік басқару саласында ұзақ жылдар еңбек еткен тәжірибелі саясаттанушы ретінде белгілі. Әр кезеңде мемлекеттік органдарда, сараптамалық орталықтарда және партиялық құрылымдарда жауапты қызметтер атқарған.

Ол бұған дейін Президент кеңесшісі, Президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2022 жылдың маусымынан бері мемлекеттік кеңесші лауазымында жұмыс істеген Ерлан Қарин енді Президент Әкімшілігінің жұмысына жауапты жетекшілердің бірі ретінде қызметін жалғастырады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы биыл өткен Ұлттық құрылтай отырысында мемлекеттік кеңесші институтын қайта қарау мәселесін көтеріп, бұл лауазымды жою жөнінде ұсыныс айтқан болатын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp