Мазмұнға өту
qandastar.

"Мен үшін баға жетпес қазына": Әнші Зарина Омарова анасына ерекше сөзін арнады

bahitzhanabzal · · 103 қаралым
"Мен үшін баға жетпес қазына": Әнші Зарина Омарова анасына ерекше сөзін арнады

Танымал әнші Зарина Омарова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Зарина Омарова Instagram әлеуметтік желісіндегі

кезекті жазбасын анасына арнады.

Анашым, туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз менің өмірімдегі ең асыл жан, әр қадамымда демеу болып, ақылыңызбен де, мейіріміңізбен де жол көрсетіп келесіз. Сіз менің өмірімде болғаныңызға Шүкір! Тағы да перзент болу жазылса еш ойланбастан сіздің перзентіңіз болуды таңдайтын едім. Сіздің алақаныңыздың жылуы, айтқан әрбір сөзіңіз мен үшін баға жетпес қазына соны білгейсіз. Өміріңіз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болып әр күніңіз қуаныш пен берекеге толы болсын! Алла сізді жамандықтан сақтап, барлық арманыңызға жеткізсін! Сіздің қызыңыз болу – мен үшін үлкен бақыт және мен сізді шексіз жақсы көремін
деп жазды әнші.

Әншінің оқырмандары бұл жазбаның астында ондаған пкірлерін қалдырып, "1 000 мың жасаңыз", "Анаңыз аман болсын!" "Сіздей алтын қызды дүниеге алып келген алтын құрсақты ана", "Алла ұзақ ғұмыр нәсіп етсін!" және тағы басқа құттықтауларын қалдыруда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp