Мазмұнға өту
qandastar.

Мерекеде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

bahitzhanabzal · · 250 қаралым
Мерекеде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Фото: ашық дереккөз

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсан жұмыс істемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды

Бұл ретте, 14 желтоқсанда, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін алуға болады.

17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен МХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды
делінген корпорация таратқан хабарламада.

Еске салайық, орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды сағат 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО сағат 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp