Белгілі продюсер Баян Алагөзова әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешеваға өмірінің соңына дейін ай сайын 1 миллион теңгеден төлеп тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Оның айтуынша, бұл шешім актрисаның қазақ киносына сіңірген еңбегіне құрмет ретінде қабылданған.
Продюсер Instagram парақшасында видео жариялап, соңғы күндері қызу талқыланып жатқан «Қыз Жібек» фильміндегі басты кейіпкер киген камзол жайлы пікір білдірді.
Ол тарихи жәдігер қазір өзінде екенін айтып, алдағы уақытта музейге тапсыру жоспары барын жеткізді.
Қанша күн болды талқыланып жатқанына. Қазір ол менде, «жеті қат жердің астында». Оны маған осы уақытқа дейін көзінің қарашығындай сақтап келген әйел сыйға тартты. Камзолдың тағдырын тиісті органдар шешеді. Әзірге менде. Әлбетте, ерте ме, кеш пе - мен бұл ұлттық құндылықты музейге өткіземін
Сонымен қатар ол Меруерт Өтекешеваға арнайы сый дайындағанын айтып, тон тарту ететінін де жеткізді.
Бұдан бөлек, продюсер актрисаға өмір бойы ай сайын қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Алғыс ретінде сіз үшін өмір бойына ай сайын 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындағым келеді. Менің және менің жолдасымның атынан
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)