Әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың электричкада отырған видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Кадрларда министрдің қарапайым жолаушылармен бірге электричкада келе жатқаны көрінеді.
Жарияланым авторының мәліметінше, Жұлдыз Сүлейменова Павлодар облысына жұмыс сапарымен бара жатқан.
Министрдің қоғамдық көлікті таңдағанына желі қолданушылары назар аударып, оның бұл әрекетін қолдаған.
Көпшілік шенеуніктің қарапайым жолаушылармен бірге жол жүргенін оң бағалаған.
Видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың қызу пікіріне себеп болды.
[video width="584" height="1036" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/VID_20260819_151523_383.mp4"][/video]