Мазмұнға өту
qandastar.

Министр кейбір мамандықта оқитын студенттерді әскерден босатуды ұсынды

qandastar · · 247 қаралым
Министр кейбір мамандықта оқитын студенттерді әскерден босатуды ұсынды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы техникалық мамандардың тапшылығын еңсерудің жолы ретінде оларды әскерден босатуды сұрады,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.

“

Техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген адамдарды әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастыруды және колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын”, – деді Светлана Жақыпова үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ халықаралық келісімшарттар бойынша шетелде жұмыс істегісі келетін жастарға дайындық курстарын ұйымдастыру орталықтарын ашу жоспарлары туралы айтты. Мұндай орталықтар ШҚО, Түркістан және Алматы облыстарында ашылмақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp