Мазмұнға өту
qandastar.

Министрдің ескертуі - Енді абайлап сөйлемеген адам айыппұл төлейді

bahitzhanabzal · · 341 қаралым
Министрдің ескертуі - Енді абайлап сөйлемеген адам айыппұл төлейді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бір-бірін жиі балағаттап, әдепсіз сөздер қолданады, деп жазады qandastar.kz.

Министр бұл әрекеттер ұлттық салт-дәстүрге және қоғам мәдениетіне қайшы келетінін атап өтті.

Сондықтан қазіргі уақытта заңнамада тек қоғамдық орындарда ғана емес, онлайн платформаларда да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік қарастыру мәселесі талқылануда.

Балаеваның айтуынша, 8 МРП көлеміндегі айыппұл 300 мыңнан аса жазылушысы бар парақшаларға да қолданылуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp