Мазмұнға өту
qandastar.

Министрлік Астанадағы көпірде орын алған жол апатына байланысты пікір білдірді

bahitzhanabzal
Министрлік Астанадағы көпірде орын алған жол апатына байланысты пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 қаңтарда Астанадағы Сарайшық көпірінде болған жол-көлік апатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы qandastar.kz сайты «Адырна» тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Игорь Лепеханың айтуынша, олар – оқиғаға кінәсі жоқ адамдар. Ал қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші тірі қалған.

Сондай-ақ ол жол апатына кінәлі адамға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты.

«Бұл — адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы. Мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бас бостандығынан айыру жазасына дейін қолданылуы мүмкін»,- деп қосты министрдің орынбасары.

Айта кетейік, «Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан.

Бөлісу: Telegram WhatsApp