Мазмұнға өту
qandastar.

Миы шайқалып, бет-аузы көгерген: Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды шашынан сүйреп, көше бойында соққыға жыққан

bahitzhanabzal · · 163 қаралым
Миы шайқалып, бет-аузы көгерген: Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды шашынан сүйреп, көше бойында соққыға жыққан

Фото: pixabay.com

Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды соққыға жыққан. Миы шайқалып, бет-аузы көгерген қыз қазір ауруханада жатыр. Полиция "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдері анасы мен қызы ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көріп келгенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, күдікті әйелі мен өгей қызына күн көрсетпей, ұрып-соққан.

Полиция бұл жағдай бойынша "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың өгей әкесінен қорлық көріп, оны ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұрады. Бүгін психологымыз барып қызбен сөйлесіп, оған моральдық, психологиялық қолдау көрсетті. Қыз баланың бойында әлі де қорқыныш, үрей бар", – дейді кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшесі Светлана Әлібекова.

Оның айтуынша, қазір бұл іс бойынша комиссия мен полиция департаменті және облыстық прокуратура бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp