Мазмұнға өту
qandastar.

«Мұхтар ағамен қоштаса алмадым»: танымал актер ауруханаға түсіп қалды

Малика Хамит · · 1 173 қаралым
«Мұхтар ағамен қоштаса алмадым»: танымал актер ауруханаға түсіп қалды

Танымал актер Азамат Сатыбалды денсаулығы сыр бергенін айтып, желіде жазба жариялады, деп хабарлайды

порталы.

Актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханада түскен суретін жариялады.

Ауырып тұрдым, аунап тұрдым. Кім білген, «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС» спектаклін ойнай алмай қаламын деп. Көрермендерден кешірім сұраймын. 19-ы «ЗУЛЕЙХА» спектаклін ойнап үйге бардым. Келесі күні Әуезов театрында спектакль ойнауым керек еді. Түнде 12 де басталды бір дүлей сырқат. Жанымды қоярға жер таппадым. Ішпеген дәрім жоқ. Содан таңғы төртке дейін алыстым. Болмады. Жедел жәрдем шақыруға тура келді. Келген бойда дәрігерлер тексеріп бірден ота жасайтынын айтты. Әртіспісің дегендей, дәрігерге спектаклім бар еді, ертең жасасаңыз болмай ма дедім. Ол болса, бұл не деген сұмдық деп, басын ұстап таңғалды. Қандай спектакль, тез арада ота жасау керек деді. Көнбеске амал қалмады. Жан тәтті ғой. Не керек,бәрі сәтімен өтті. Қазір жағдайым жақсы, Аллаға шүкір. Дәрігерлерге алғысым шексіз, зыр жүгіріп бәрін жасап жатыр. Кезегімен келіп, жағдайымды сұрап кетеді. Алла разы болсын. Ауырмаңыздар. Бір әттеген-ай бар. Мұхтар ағамен қоштаса алмадым. Жақсы көретін ақыным. Нар тұлғалы қоғам қайраткері еді. Алла алдынан жарылқасын ағамызды. Жаныңыз жәннәттың төрінде шалқысын асыл ағатай
деп жазды актер.

Желі қолданушылары актерге ізгі тілегін жазып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от AZAMAT SATYBALDY (@azamatc)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp