Мазмұнға өту
qandastar.

Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты

Малика Хамит · · 1 405 қаралым
Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты

Мұхтар Жәкішевтің қызы, модель Алтынай Жәкішева Ұлыбританияның астанасы Лондонда ресми түрде некесін қиды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, өміріндегі маңызды күннің әсерімен бөлісті.

Оның айтуынша, неке қию рәсімі 9 мамыр күні Лондон әкімдігінде жақын туыстары мен достарының қатысуымен өткен.

Тоғызыншы мамырда Лондондағы әкімдікте жақындарымыздың ортасында некемізді қидық. Күн жауын-шашынды болады деген болжамға қарамастан аспан ашық болды. Бұл менің ресми түрде ОДжей ханым атанған күнім
деп жазды Алтынай.

1999 жылы туған Алтынай қазіргі таңда Лондонда тұрады және модельдік саласында еңбек етеді. Оның әкесі Мұхтар Жәкішев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарған.

Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

Жарияланған жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от aꪶ𝕥ꪗꪀꪖꪗ ☽ (@altjj_)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp